СҚО-да ұрлап алған телефондағы мәліметтерді жария еткен ер адам сотталды
© Сурет: pixabay
Айыртау аудандық соты ұрланған телефонның мессенджеріндегі әңгімелерді таратып, отбасы құпиясын ашты деп айыпталған ер адамды төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы СҚО прокураратурасының баспасөз қызметі 2025 жылы 26 сәуірде ақпарат таратты.
"Сот оның бұған дейін танысының ұялы телефонын ұрлап әкеткенін және мессенджер арқылы ортақ таныстары арасында жеке өмірі туралы және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді әдейі таратқанын анықтады" делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 147-бабының 4-бөлігі бойынша алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жаза көзделеді.
Бұл ретте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда көпшілік алдында сөйлеген сөзінде осындай мәліметтерді таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бұған дейін Абай облысының прокуратурасы жылу тарифтерінің төмендеуіне қол жеткізгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





