Жаңа баға саясаты: Қазақстанда дәрілер неге арзандады
© Фото: pexels
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасын реттеу саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2025 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын қалыптастыру жүйесіне реформа жүргізді. Реформа аясында халықаралық деректер базасына негізделген ішкі және сыртқы референттік баға белгілеу тетіктері енгізіліп, негізсіз шығындар алынып тасталып, референт елдердің тізімі жаңартылды.
"Бұл шаралар дәрілік заттардың едәуір бөлігінің бөлшек және сатып алу бағасын төмендетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде халық үшін дәрілердің экономикалық қолжетімділігі артты және қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын бюджет қаражаты айтарлықтай үнемделді. Жаңа механизмді ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында 2900 дәрілік заттың, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудаға арналған 4900 дәрілік заттың бағасы қайта қаралды", – делінген жауапта.
Аида Балаеваның сөзінше, дәрілік заттардың сауда атаулары бойынша шекті бағаларды салыстырмалы талдау нәтижесінде ТМККК аясында 3801 дәрі-дәрмектің бөлшек бағасы орта есеппен 26,5%-ға төмендеген. Ал МӘМС жүйесінде 1397 дәрілік заттың бағасы орта есеппен 22,5%-ға арзандағаны анықталған.
Бұған дейін Үкіметтің дәрілік заттар өндірушілерімен жаңа келісімдер жасау жоспары туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:45, 2 наурыз 2026
Нетаньяху офисіне жасалған шабуыл: Израиль қорғаныс күштері ақпаратты жоққа шығарды
-
16:35, 2 наурыз 2026
Ұлытау жастары Жаңа Конституцияны қолдайды
-
16:34, 2 наурыз 2026
Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызылады
-
16:23, 2 наурыз 2026
Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты
-
16:12, 2 наурыз 2026
Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті





