СҚО-да полицейлер жалға берілген пәтерден мас күйдегі жасөспірімдерді анықтады
© Фото: freepik
Петропавлда полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзу туралы қоңырау бойынша шара қабылдау үшін Астана көшесіндегі үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерге барды.
Ақпаратты тексеруге келген полицейлер ішімдік ішіп алған жастардың үстінен түсті. Алкогольді емін-еркін ішіп жатқан алты адамнан құралған жастар тобы көршілердің тынығуына кедергі келтірген. Тыныштықты бұзушылардың бір-екеуі тәртіп сақшыларынан балконда жасырынуға тырысқан.
Көңіл көтеріп жатқандардың төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған болып шықты, екі жасөспірім мас күйде болған. Хаттамаға қол қойдырып, балаларын алып кету үшін полиция қызметкерлері ата-аналарын шақыруға мәжбүр болды.
"Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндерінен бастап тәртіп сақшылары жасөспірімдердің түнде жүруінің 48 дерегін және қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде жүруінің 161 фактісін анықтады. 23-25 қараша аралығында облыста "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылау күшейтілді", – дейді ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Сондай-ақ 3 күн ішінде түрлі 829 құқық бұзушылық анықталды. Есепте тұрған 1 мыңнан астам адам, қараусыз қалған 418 үй, 529 азаматтық қару иесі тексерілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 26 қараша 2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін тоғыз терминал салады
-
17:09, 26 қараша 2024
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды
-
17:00, 26 қараша 2024
Астанада құны бір бөлмелі пәтерге тең қол сағаты ұрланды
-
16:45, 26 қараша 2024
Елімізде квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктердің тізімі өзгереді
-
16:41, 26 қараша 2024
3 жыл ішінде Қазақстанда 80 мыңнан астам IT-маман даярланды