Қостанай тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 21 миллион теңгесінен айырылды
© Фото: pixabay
Қостанай қаласының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 21 миллион теңге жоғалтты.
Жәбірленуші полиция қызметкерлерінен бұл схеманың алаяқтық әрекет екенін кеш түсінген. Оқиға 2024 жылдың қазан айында басталған. Әйел Instagram желісінде инвестиция салудың тиімді жолдары туралы жарнаманы байқап, оған қызығушылық танытқан.
Жарнамадан көрсетілген "аға кеңесшінің" байланыс нөмірі арқылы ол ұсынылған платформаға алғашқы 100 АҚШ долларын аударған. Көп ұзамай, "кеңесшілер" одан түрлі салықтар мен алымдарды төлеуді талап етіп, әйелді қосымша қаржы салуға көндірген.
Олар оның сеніміне кіріп, бірнеше банктен несие алуға мәжбүрлеген. Ал бұл уақытта әйел жинаған қаржысын үй сатып алу үшін сақтап жүрген еді. Осылайша, ол алаяқтардың есепшотына 21 миллион теңгеден астам қаражат аударды.
Тергеу барысында анықталғандай, алаяқтар жәбірленушінің бизнесіндегі банктік деректемелерді өз мақсаттарына пайдаланып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданған. Әйелдің өзі бұл алаяқтық схеманың бір бөлігіне айналғанын соңынан ғана түсінген.
Аталған факті бойынша қазіргі таңда аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы қаржылық операциялар жүргізуде сақ болуды ескертеді. Күмәнді ұсыныстарға сенбей, кез келген күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:48, 22 қаңтар 2025
Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға сәл жетпей тоқтады
-
12:31, 22 қаңтар 2025
Дауылды ескерту: ТЖД қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды
-
12:19, 22 қаңтар 2025
Түркиядағы тау шаңғысы курортындағы өрт: қаза болғандар саны айтарлықтай өсті
-
12:08, 22 қаңтар 2025
ҰБТ-2025 кезіндегі үзілістер: талапкерлер нені білуі керек
-
11:57, 22 қаңтар 2025
Трамп АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығармақшы