ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады
© Фото: polisia.kz
22 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі ауа-райының күрт бұзылуына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілгендігін нақтылады.
"Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер чччччччччччччччччс енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ",- деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.
Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.
Бұған дейін Қарағанды облысында ұйытқыған желден жолаушылар автобусы аударылып кеткендігі хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:54, 22 қаңтар 2025
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа қызметтер қосылды
-
13:41, 22 қаңтар 2025
Аса ірі көлемдегі есірткі затының айналымы үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды
-
13:30, 22 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
13:18, 22 қаңтар 2025
Ресейден қашып кеткен Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
13:09, 22 қаңтар 2025
«Семей орманы» резерватындағы өрт: Бас прокуратура барлық қылмыстық істер бойынша соңғы нүктені қойды