Сирияда террористер қатарында болған екі қазақстандық сотталды
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша екі адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 23 желтоқсандағы мәліметінше, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.
"Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды. Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы)",- деп мәлімдеді ҰҚК.
Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.
Бұған дейін киберполицияның ірі алаяқтықтың жолын кесіп, жәбірленушіге үш миллион теңгесін қайтарғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:47, 23 желтоқсан 2024
«OLX-тегі жарнама». Танысынан кек алмақ болған астаналық қомақты өтемақы төлейтін болды
-
19:33, 23 желтоқсан 2024
Алматыда айдауыл қызметі көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды
-
18:58, 23 желтоқсан 2024
Астанада алаяқтар отандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
-
18:40, 23 желтоқсан 2024
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 146-дан астам техника тартылды
-
17:53, 23 желтоқсан 2024
Бектенов: Жылу, энергия және су беруді үздіксіз қамтамасыз ету - үкіметтің бірінші міндеті