Синоптиктер 24 сәуірде қар жауып, күн райы бұзылуы мүмкін өңірлерді атады
© Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2025 жылдың 24 сәуірінде ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, ауа райының қолайсыздығы бүкіл республиканың өң бойынан сезіледі.
"Фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу өңірінің таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, желдің екпін алуы. Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады". "Қазгидромет" РМК
Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, өрт қаупі мына өңірлерде жоғары:
- батыста, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында;
- Қызылорда облысының орталығында.
"Алдағы тәулікте республикамыздың оңтүстігі мен оңтүсті-шығысындағы таулы өзендерде су ағының ауытқуы байқалатын болады. Есіл өзенінде (СҚО) су деңгейінің көтерілуі байқалады", – делінген гидрологиялық болжамда.
Бұған дейін мамандар 2025 жылдың 24-26 сәуірі аралығында республикамыздың басым бөлігі антициклон ықпалында болатынын, күннің күрт салқындайтынын айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар
-
14:03, 20 желтоқсан 2025
Қар жауып, температура төмендейді: Алматыда алдағы күндері ауа райы бұзылады





