Singer-2024: «All By Myself» әнін шырқаған Рухия Қытай көрермендерін аяғынан тік тұрғызды

21:44, 28 маусым 2024

© Сурет: Instagram/rukhiya.baidukenova

Қытайдың Singer ән байқауының 8-кезеңінде жерлесіміз Рухия Байдүкен "All By Myself" әнін шырқап, көптің қошеметіне бөленді. Алайда, өкінішке қарай, ол қазылар шешімімен келесі кезеңге өте алмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік төртікке енген әншілердің бірін таңдап, онымен өзара бақ сынасты.

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде жерлесіміздің талантына бас иіушілер көптеп табылып жатыр. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңнен төбе көрсетуге лайық әнші деп бағалауда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!