СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ескерту жасады
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 2026 жылғы 25 маусымда өткен брифингте азаматтарға мүмкіндігінше кейбір елдерге аса қажет емес сапарлардан бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикердің айтуынша, демалыс маусымында СІМ шетелге шығуға қатысты өзекті талаптар мен ұсынымдар жөнінде азаматтарды тұрақты түрде хабардар етіп отырады.
"Әдетте мұндай ақпаратты сыртқы саяси ведомство ретінде жариялап келеміз. Бұған дейін Шенген аймағы, Ресей Федерациясы және Вьетнамдағы талаптар туралы ақпарат берілген болатын. Өздеріңіз білетіндей, Таяу Шығыс елдеріне қатысты да белгілі бір ұсынымдарымыз бар. Азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде барынша мұқият болуға және баратын елдегі жағдайды міндетті түрде ескеруге шақырамыз", – деді Ерлан Жетібаев.
Журналистер СІМ-нің Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарлауға қатысты қандай ұсынымдары бар екенін сұрады.
"Біз өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін өзара қолайлы шешімдерге жақын арада қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Сонымен қатар жағдай толық тұрақталғанға дейін сақтық танытқан жөн деп санаймыз. Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндігінше өңір елдеріне аса қажет емес сапарлардан бас тартуды ұсынамыз", – деп толықтырды Ерлан Жетібаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 25 маусым 2026
Тоқаев Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:00, 25 маусым 2026
Алматыда Қалқаманға дейінгі метро желісінің құрылысы 97 пайызға аяқталды
-
18:47, 25 маусым 2026
Алматыда жол үстіндегі жанжал төбелеске ұласты
-
18:34, 25 маусым 2026
Қазақстандықтар енді жылжымайтын мүлік техпаспортын eGov Mobile арқылы рәсімдей алады
-
18:21, 25 маусым 2026
Zakon.kz тілшісі Екатерина Елисеева Президент грантына ие болды





