Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық қыздар қола медаль еншіледі
© Сурет: olympic.kz
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы шпагамен семсерлесуден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүлдеге бастар жолда қазақстандық спортшылар турнирдің бірнеше кезеңінен сүрінбей өтіп, Таиланд пен Жапония құрамаларын жеңді. Финалға жолдама үшін өткен кездесуде біздің шпагашылар Оңтүстік Корея құрамасымен сынға түсті.
Тартысты бәсеке кореялық команданың жеңісімен аяқталды. 45:29. Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтап, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Команда сапында Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева және София Николайчук өнер көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен қорытындылады. Жекелей шпага сайысында Ирина Бакалдина чемпион атанса, Руслан Курбанов қола медаль еншіледі. Ерлер арасындағы командалық шпага жарысында қазақстандық семсерлесушілер алтын медаль жеңіп алды. Ал ерлер арасындағы командалық қылыш сайысында ел қоржынына қола медаль түсті.
Бұған дейін Стенд атудан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға тағы бір алтын медаль бұйырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 24 маусым 2026
«Заң мен тәртіп»: Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті
-
21:35, 24 маусым 2026
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылып қалды
-
20:42, 24 маусым 2026
Алматыда бүгіннен бастап бірден 12 автобустың қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді - тізім
-
20:33, 24 маусым 2026
«Дауыл, жаңбыр, бұршақ». Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
19:58, 24 маусым 2026
Стенд атудан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға тағы бір алтын медаль бұйырды





