СІМ: Қазақстан Таяу Шығыс қақтығысы бойынша келіссөздер өткізуге алаң ұсынуға дайын
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
СІМ орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс тараптары жүгінген жағдайда келіссөздер өткізу үшін алаң ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. Ол Иран мен Сирия бойынша сәтті тәжірибе бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Қазақстан қажет болған жағдайда келіссөздер алаңын ұсынуға дайын ба деген сұрақ қойды.
"Тиісті өтініш түскен жағдайда – иә. Бізде мұндай тәжірибе бар. Бұған дейін Иран мәселесі бойынша Алматыда келіссөздер алаңы ұсынылған еді, ол осы мәселені шешуге елеулі үлес қосты. Сирия бойынша елімізде сириялық билік пен оппозициялық топтар арасында 20-дан астам келіссөз раунды өтті. Осы елдердің дипломатиялық өкілдерінің біздің алаңда бас қосуы әскери қақтығысты тоқтатуға және қарсы тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуға мүмкіндік берді", – деді Әлібек Бақаев.
Оның айтуынша, тиісті өтініш келіп түскен жағдайда Қазақстан оны мұқият қарастыруға дайын, алайда қазіргі таңда мұндай сұраныстар түспеген.
Бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы хабарлаған болатын.
2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымырандар ұшырды. Салдарынан жүздеген адам қаза тауып, аятолла Хаменеи бастаған жоғары басшылық мерт болды, сондай-ақ оның резиденциясы қиратылды. Кейін Дональд Трамп Хаменеидің жойылуына қатысты түсініктеме берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 3 наурыз 2026
Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандардың саны артты
-
15:56, 3 наурыз 2026
Доллар 3 наурыздағы сауда-саттықта қайта арзандады
-
15:45, 3 наурыз 2026
Қазақстан босқындарды қабылдауға дайын екенін жариялады
-
15:32, 3 наурыз 2026
Алматыда 4 наурыздан бастап Аvtobys төлем жүйесі іске қосылады
-
15:13, 3 наурыз 2026
Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасындағы жол төрт жолақты болады





