Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасындағы жол төрт жолақты болады

15:13, 3 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 3 наурызда Үкімет отырысында кейбір транзиттік дәліздерді кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қозғалыс қарқындылығының артуын және жекелеген дәліздердің жүктемесін ескере отырып, оларды одан әрі дамыту және кейбір учаскелерде жаңғырту жоспарланып отыр.

"Қойылған міндеттерге сәйкес Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. Бұл учаске "Түрікменстан – Ресей" дәлізінің бір бөлігі болып табылады", – деді Сауранбаев.

Ол жолды төрт жолақты қозғалысқа дейін кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Министр аталған учаскедегі жұмыстар 2026 жылы аяқталатынына уәде берді.

Бұған дейін Қазақстанда 2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолды жөндеу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!