Шымкенттің хайуанаттар бағы қос қуанышты жаңалығымен бөлісті

© Сурет: pxhere
Шымкент хайуанаттар бағының әкімшілігі қуанышты жаңалықпен бөлісті. Белгілі болғандай, хайуанаттар бағы қос кішкентай ботамен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хайуанаттар бағы 2024 жылы 28 мамырда Instagram-дағы парақшасында видео жариялады.
"Зоосаябағымыз кішкентай сүйкімді боталармен толығып, жануарлардың басы көбеюде. 23 наурыз күні Жайнақ пен Тайлақ түйелер жұбында кішкентай бота дүниеге келіп, араға 20 күнді сала отырып, Айшуақ пен Мойнақ атты түйелер жұбында тағы да 12 сәуір күні бота дүниеге келді. Қазіргі таңда боталардың жағдайлары жақсы, өздерін сергек сезінуде. Секіріп ойнап, ата-анасына еркелеп, аналарының сүтін емуде. Боталар түрлі шөптердің дәмін татып, қайнатылған бидай, картоп, сәбіз,қызылшаны да жақсы жеуде. Біз әрбір төл үшін қатты қуанамыз. Кішкентай боталарды Африка аумағынан көре аласыздар!". Шымкент қалалық хайуанаттар бағы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:20, 24 маусым 2025
Астанада Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді
-
15:18, 24 маусым 2025
Жеке тұлғалар мен бизнесті несиелеу нарығында не өзгерді
-
15:06, 24 маусым 2025
Қазақстанда бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілердің тізбесі жаңарды
-
14:58, 24 маусым 2025
Қазақстандық жұмыссыздарды тіркеу ережесінде не өзгерді
-
14:45, 24 маусым 2025
Алматыда 36°C ыстықтан кейін нөсер жауады