Шымкенттік жасөспірім анасы қызбен кездесуге тыйым салған соң үйден кетіп қалған

09:19, 23 қыркүйек 2023

© Фото: zakon.kz

Шымкентте полицейлер жоғалған 6 баланы іздеп тауып, отбасына амен-есен табыстады. Олардың бәрі 15 және 16 жастағы жасөспірімдер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың ата-аналары балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, оралмағаны туралы полицияға хабарлады. Тәртіп сақшылары өтпелі кезеңдегі екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақыт ішінде аман-есен үйіне жеткізді.

Мектеп оқушыларының бірі жай көшеде жүрсе, енді бірі жолдастарының үйінде қонақта болған. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлық көрсетуіне үлкендердің бақылауынан құтылып, қалағанын істеуге ұмтылуы себеп болғаны анықталды.

Мәселен, жігіттердің бірі ғашық болғанын, бірақ анасы оған қызбен кездесуге тыйым салғанын жеткізді. Тағы бір бойжеткен бұл әрекетін ата-анасынан бөлек тұрғысы келетінімен түсіндірсе, енді бірі достарына кешке дейін сыртта жүруге рұқсат етілгенімен, іс жүзінде оған рұқсат жоқ деп шағымданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!