Шымкенттік апалы-сіңлі киім дүкенін тонап кетті
© Фото: zakon.kz
әл-Фараби ауданының полиция басқармасына сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен киім-кешектер ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Орта жастағы екі әйел сатып алушылардың кейпіне еніп, сауда нүктесінен балалар, ерлер және әйелдер киімдеріне толы екі сөмке алып шыққан.Оқиға орнына дереу жедел топ барды. Күдіктілер сауда орталығынан шығып үлгермеді. Тәртіп сақшылары оларды бірден ұстады.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық» бойынша тіркеді.
Жеңіл пайданы көздегендер туған әпкелі-сіңілі екені анықталды.
"Ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұрланған тауарлар дүкенге қайтарылды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде".тергеуші Еген Елшібек
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





