Шымкенттегі заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекетін ҚМА қызметкерлері әшкереледі

© Сурет: Zakon.kz
Бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.
Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндірге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетейік, бұл саладағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, белгілі бір тәуекелдердің туындауына алып келеді.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:06, 28 наурыз 2025
Телефондардың IMEI кодын тексеру 2 айға шегерілді
-
13:56, 28 наурыз 2025
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық саяхатқа аттанды
-
13:43, 28 наурыз 2025
Бангкоктағы жер сілкінісінің қорқынышты кадрлары пайда болды
-
13:30, 28 наурыз 2025
Алматы әуежайында бірден екі әуекомпанияның рейстері кешігіп ұшты
-
13:22, 28 наурыз 2025
Қазақстанда жаңбыр мен қар жауады: наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы