Шымкентте сұйытылған газды бөлгенде заңсыздықтарға жол берген

12:24, 1 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Шымкент қаласында әкімдіктің лауазымды тұлғасы сұйытылған газды кәсіпкерлерге бөліп беру кезінде әділдетсіздік пен заңбұзушылыққа жол берген.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы мансабын пайдаланып, кейбір тұлғаларға ұсынысты кеш бергеніне қарамастан, өзгелерден бұрын сұйық отын алуына жағдай туғызған.

Тіпті арасында автогазды алдымен алып, ұсынысын соңынан тіркеген жәйттер де анықталыпты.

Бәсекелестікті қорғау заңын белшеден басқан басқарма басшысы ұсыныстарды қарау комиссиясының жұмысын бейнетаспаға түсіруді де жөн санамапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Кәсіпкерлерге тең жағдай туғызбағаны үшін оған 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

"Айтып өткен нәрселердің бәрі және басқа да құқық бұзушылықтар газ бөлу кезінде әділетсіздік, теңсіздік орын алғанына дәлел болды. Сол себепті басқарма басшысына хаттама толтырылып, айыппұл салынған." Ерлан Қосбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!