Шымкентте суға батқан 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан баланы құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Балалар № 128 қалалық жалпы мектепте оқиды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған.
Бір топ балалармен бірге Ераулет пен Рамазан шомылуға келіп, сол жерде кішкентай баланың өзенге батып кеткенін естіді. Судың бетінде баланың жансыз денесін көріп, балалар оны жағаға шығарды.
Суды жұтқан баланың іші ісіп кетіп, өзі көгере бастаған. Балалардың үлкені Рамазан, 9-сынып оқушысы, тез арада реанимациялық әрекетке кірісті. Оған оның досы 8 сынып оқушысы Ердәулет Шыңғысхан көмектесті. Балалардың шебер әрекеттерінің арқасында алты жасар бала есін жиып, дем ала бастады.
Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды.
"Сонымен қатар біздің заманымыздың батырлары Ердәулет Шыңғысхан мен Рамазан Амангелдиев ТЖ департаменті басшылығының атынан марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді", делінген хабарламада.
Айта кету керек, Бадам өзені жүзуге тыйым салынған орын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





