Шымкентте соққыға жығылған 17 жастағы студент қайтыс болды

13:55, 2 маусым 2020

Шымкентте болған жаппай төбелес кезінде соққыға жығылған 17 жастағы Абзал Өткіров көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

2002 жылы туған жасөспірім 23 мамырда сағат 1.55-те Облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне аса ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру жүргізіліп, бас-ми гематомасы анықталды, гематоманы алып тастау үшін шұғыл түрде ота жасалды. Диагнозы: Мидың ауыр жарақаты. Бала комада болған. Өкінішке қарай, ол 1 маусымда сағат 23.45-те күрт нашарлап, қайтыс болды, - деп хабарлады Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің туған бауырының сөзіне қарағанда, 17 жастағы Абзал Өткіров Маятас ықшамауданында, қала шетінде соққыға жығылған. Туысқандарының айтуынша, 22 мамырда түнде жігіт екі досына кеткен. Көшеде бұларға бұрыннан жауласып жүрген бір топ бала кездескен. Төбелес болып, екі жігіт жарақат алған, бірақ Абзалдың жарақаты тым ауыр болыпты. Оны басынан шлакоблок кірпішпен ұрған екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!