Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластаған 13 мыңға жуық тұлға анықталды
© Фото: zakon.kz
Биыл Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұлға жауапқа тартылды
Қаланы таза ұстау – бұл санитарлық талаптар ғана емес, сонымен қатар мәдениеттің белгісі. Аталған бағытта полицейлер жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұдайы түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығының камераларының көмегімен де анықтайды.
Жыл басынан бері Шымкентте аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалған болса, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Қаланың тазалығы – әдемі эстетикалық көрініс қана емес, сонымен қатар біздің денсаулығымыздың кепілі. Осыған байланысты полиция мегаполис тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 2 қаңтар 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды
-
17:55, 2 қаңтар 2025
Алматыдағы «Москва» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
-
17:46, 2 қаңтар 2025
Алматы облысы мен Жетісу облысында жер сілкінді
-
17:26, 2 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды