Шымкентте ер адам жасөспірімнің жүрек тұсына пышақ сілтеген
© Сурет: pexels
Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу бабымен қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта 2024 жылдың 29 маусымында сотталушы алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болып, өзара бас араздық салдарынан 2010 жылы туылған кәмелетке толмаған жәбірленушінің жүрек тұсы аймағына пышақ сұғып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені анықталды. Содан кейін ол оның мойын тұсына екінші рет пышақ сілтемекші болғанда, сол маңдағы адамдар оған кедергі келтірген.
Сотта прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кешіріп, жазаны жеңілдетуді сұрады.
"Сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде, жасаған қылмысына өкінуін, асырауында жасөсіпірм балаларының болуы, жәбірленушінің кешірім бергені, моральдық және материалды зиянды өтеуі танылған, ал ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты алкогольді масаң күйде жасағаны танылған", делінген сот хабарламасында.
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 14 қазан 2024
СҚО-да тас жол бойында жүк көлігі отқа оранды
-
19:53, 14 қазан 2024
Штрих-кодтан блокчейнге дейін: сапасы төмен майға қалай тап келмеуге болады
-
19:22, 14 қазан 2024
Алматыда полицейлер базарларды, құрылыс басын, оқу орындары маңын жіті тексеріп жатыр
-
18:58, 14 қазан 2024
Тұтынушы құқығын қорғаушылар жоғары сортты сары майдың сапасын тексеріп көрді
-
18:52, 14 қазан 2024
Алматыда бүгіндері қандай вирустар айналымда жүр