Шымкентте ер адам ұялы телефоннан көз жұмды

17:33, 15 шілде 2019

23 жастағы Шымкент тұрғыны ұялы телефонын токтан ажыратамын деп көз жұмды, - деп хабарлайды Zakon.kz Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"1996 жылы туған шымкенттік ер адам ұялы телефонын электр қуатынан ажырату кезінде ток соғып, оқыс оқиға орнында қайтыс болды», – делінеді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

2018 жылы Шымкентте осындай жағдаймен төрт адам көз жұмған, оның екеуі - 14 және 9 жастағы балалар.

Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті, телефон қуаттағышын тоққа қойғанда абай болуды ескертеді.

"Көбіне иммунитеті әлсіз, тершең адамдар ток соққанда бірден тіл тартпай кетеді. Адамды тоқ ұрған уақытта оған көмектесемін деп жалаң қолмен бас салмау керек, тоқ өтпейтін құрғақ матамен ұстаған жөн" делінеді төтеншеліктердің кеңесінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!