Шымкентте дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Шымкенттегі базарлардың бірінде орналасқан мобильді аксессуарлар дүкенінің иесі ұрлық туралы полицияға арызданды. Жұмыс орнына келген кәсіпкер бұзылған құлыпты, кассадағы қолма-қол ақша мен бағалы құлаққаптардың ұрланғанын көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеге жуық екені анықталды.
әл-Фараби аудандық полиция департаментінің қызметкерлері аталған дерекке ұқсас тағы екі арыз тіркеді. Зардап шеккендер – бір базарда орналасқан азық-түлік дүкені мен зергерлік бұйымдар дүкенінің сатушылары. Екі жағдайда да белгісіз біреу кассаны тонап, зергерлік бұйымдарды қолды еткен.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған адамды іздеуге кірісті. Бейнебақылау камераларына бетперде, көзілдірік және бас киім киіп жүзін тұмшалаған жас жігіт түсіп қалған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде базар ұрысы 24 сағаттың ішінде ұсталды.
Бір құлаққапты өзіне қалдырып, қалғанын сатып жіберген. Ол кассадан ұрланған қолма-қол ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Жігіт тек әйелдердің зергерлік бұйымдарын сата алмаған, өйткені олар таза күмістен емес болып шықты.
Қазіргі таңда полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін ұсталған адамға қатысты процессуалдық шешім қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





