Шымкентте бірнеше қылмыстық топ тұтқындалды
© Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар 10-нан астам топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ ақпаратынша, 8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобы ұсталды. Олардың келесі қылмыстарға қатысы барлығы анықталды:
- бопсалауға
- бұзақылыққа
- қаруды заңсыз сақтауға.
Сондай-ақ, 11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері тұтқындалды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.
Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
"Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде "заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 15 қазан 2024
73 жастағы қазақстандық турникте тартыла алатындығымен көпшілікті таңдай қақтырды
-
11:01, 15 қазан 2024
236 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды
-
10:50, 15 қазан 2024
23 млн теңгеге автокөлік сатып алған Қостанай әкімі бұл қадамға не үшін барғандығын түсіндірді
-
10:38, 15 қазан 2024
Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай Үкіметтің бақылауында
-
10:28, 15 қазан 2024
Алматыда «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды