Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Токаевқа ұлттық компанияның биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берілді.
Президентке ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және транзиттік әлеуетті дамыту бойынша бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.
Санжар Жаркешов "Алматы – Байсерке – Талғар" газ құбырының екінші желісін салу, сондай-ақ Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталғанын айтты. Бұдан бөлек, "Талдықорған – Үшарал" магистральді газ құбыры салына бастады. Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін "Орта Азия – Орталық" жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Мемлекет басшысына ресурстық базаны кеңейту шаралары жөнінде мәлімет берілді. "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы ел экономикасындағы тауарлы газды тұтыну көлемінің еселеп артуын ескере отырып, аталған саланың геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруға шетелден инвестиция тартылғанын айтты. Chevron компаниясымен Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойылған. Жоба толығымен инвестордың өз қаржысы есебінен жүргізіледі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесе жүргізіліп жатқан бастамалар туралы баяндалды. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Жолдауында айтқан газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, көгілдір отынның лайықты тарифі мен көтерме бағасын белгілеуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып жатыр.
Кездесу соңында Президент жылыту маусымында халықты және экономиканы газбен тұрақты қамтамасыз ету, саланы реформалауды жалғастыру, газ тасымалдау жүйесінің қуаттылығын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:46, 13 қараша 2025
МӘМС жүйесіне кірмейтіндерге қандай аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі
-
09:37, 13 қараша 2025
Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды
-
09:29, 13 қараша 2025
Қазақстанның қай қалаларында қолайсыз метеожағдай жарияланды және бұл нені білдіреді
-
09:14, 13 қараша 2025
АӘК тағайындау кезінде азаматтардың шығындарын есепке алу жөніндегі пилоттық жоба ұзартылды
-
09:04, 13 қараша 2025
Тоқаев бірқатар судьяларды тағайындап, қызметінен босатты





