Шәйді қалай таңдауға болады – тұтынушылар құқығын қорғаушылардың зерттеуі
© Сурет: pixabay
2024 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Қостанайдағы сауда нүктелерінің бірінен жасырын сатып алушы әдісімен бірнеше өнім сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңдалып алынған шәймен бірге тұтынуға арналған өнімдер біз күткендей қауіпсіз болмай шықты, - дейді мамандар.
Азық-түлік себетіне:
- "Madhuban" (250 г.) қара шайы,
- Стерильденген жемістер консервісі – "Домашние сладости" құлпынай сиропы (425 мл),
- "Орео" (100 г.) печеньесі салынды.
Бұл өнімдердің барлығы Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011 "Азық-түлік өнімдердің қауіпсіздігі туралы" және КО ТР 022/2011 "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" талаптарына сәйкестігін анықтау үшін талдауға жіберілді. Өнімдер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы "Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханаларына ұсынылды.
Сурет: Жанна Биятан
Бұл зерттеулердің нәтижелері нені көрсетті?
Барлық үлгілерде денсаулыққа қауіпті заттар жоқ және микробиологиялық көрсеткіштерге толық сәйкес келеді. Дегенмен, барлығының да таңбаламалары "ақсап" жатыр.
- "Madhuban" шайы: таңбаламасында ЕАС белгісі болғанымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат болмаған, тағамдық құндылығы, сақтау шарттары, өндіруші/импорттаушының атауы мен мекенжайы туралы мәліметтер де көрсетілмеген;
- Сироптағы құлпынай: таңбалама мемлекеттік тілде көрсетілмеген, бұл заң талаптарына сәйкес келмейді.
- "Oreo" печеньесі: қазақ және орыс тілдерінде ақпарат жоқ, сақтау шарттары мен EAC белгісі көрсетілмеген.
Сурет: Жанна Биятан
Көптеген тұтынушылар, ең бастысы, тауардың бағасы мен сыртқы түріне мән беріп, таңбаламасына көңіл аудара бермейді. Дегенмен, таңбалама жай ғана формальдылық емес. Бұл бізге өнімді қалай сақтау керектігін, оның денсаулығымыз үшін қауіпсіз екенін және оны қаншалықты ұзақ пайдалануға болатынын түсінуге көмектеседі.
Осылайша, қазақ және орыс тілдеріндегі құрамына қатысты ақпараттың болмауы сатып алушыны өнімге қандай ингредиенттер кіретінін білу мүмкіндігінен айырады. Ал анықталмаған сақтау шарттары өнімнің белгіленген мерзімнен бұрын бұзылуына әкеліп, бұл отбасылық шай ішудің шырқын бұзып, әсіресе балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сурет: Жанна Биятан
"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Әлия Әлибекованың айтуынша, шәйдан ләззат алу ғана емес, оған арналған өнімдерді таңдауға да мұқият болу маңызды:
1. Қаптаманы бірнеше секундта сканерлеңіз: таңбаламаны тексеру көп уақытыңызды алмайды. Қазақ және орыс тілдерінде ЕАС белгісі мен ақпараты бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл қарапайым қадамдар сізді сапасыз өнімді сатып алудан сақтайды.
2. Сақтау шарттарын тексеріңіз: өнім таныс болып көрінсе де, оны қайда және қалай сақтау керектігін тексеріңіз. Мысалы, печенье және консервілер әртүрлі жағдайларда сақталуы мүмкін, бұл олардың балғындығына әсер етері хақ.
3. Қаптаманың сыртқы түріне сенбеңіз: брендтік өнімдер танымал болғанына қарамастан, таңбаламасында қателер болуы мүмкін. Тіпті, бұл сіздің сүйікті өніміңіз болса да, әркез қаптаманы тексеріңіз,
4. Балалардың денсаулығын ойлаңыз: отбасылық шайды ішкенде, балалардың өнімнің сапасына сезімтал екенін есте ұстаған жөн. Ингредиенттерді тексеріңіз, әсіресе, өнімде консерванттар, бояулар немесе қоспалар болмауы қажет.
Өз кезегінде, кәсіпкерлер өнімнің таңбаламасы саласындағы заңнаманы сақтауды ұмытпауы керек. Бұл тек заң талабы ғана емес, тауарыңыздың нарықта сұранысқа ие болатынының кепілі. Әлия Әлибекованың айтуынша, тұтынушылар барған сайын талапшыл болып келеді және таңбаламаның барлық ережелерін сақтау шағымдарды болдырмауға және бренд/бизнес беделін арттыруға көмектеседі.
Қазақ тіліндегі таңбалама мәдени және құқықтық нормаларды қолдап қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушыларға саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді, бұл бүгінгі бәсекеге қабілетті азық-түлік нарығында өте маңызды саналады.
Сіздің шайыңыз дәмді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз де болсын! Бірақ бұл сәттерді шынымен қызықты ету үшін заң талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз өнімдерді таңдау маңызды. Жапсырмаларды, тіпті, жылдам шолып қарап шығу сізді және сіздің отбасыңызды өнім сапасына қатысты жағымсыз жағдайлардан құтқара алады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті