Күзгі каникулда мектеп оқушылары қанша күн демалатыны белгілі болды

16:49, 14 қазан 2024

© Фото: пресс-служба акимата Алматы

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

• "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" мектепішілік іс-шарасы;

• "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы;

• Мектеп оқушылары үшін "Күзгі асар" жәрмеңкесі;

• "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!