Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай Үкіметтің бақылауында
© Фото: freepik
Саран қаласында қазандық бұзылған. Дегенмен шаһар әкімдігі бүгін үйлерді толық жылумен қамтамасыз етуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 қазанда өткен ҚР Үкіметінің отырысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім еткендей, Саран қаласындағы қазандық 13 қазанда пайдалануға берілді. Алайда, ақаулыққа байланысты қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді.
"Ақаулыққа байланысты резервтік қазандықты қосу туралы шешім қабылданды, біз күннің соңына дейін үйлерді жылумен қамтамасыз етеміз ", — деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов апат үшін бірінші кезекте Саран қаласының әкіміне жеке жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Облыс әкімі тарапынан да тиісті бақылау болмаған.
"Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
2024 жылдың 13 қазанында Саран қаласының тұрғындары жылусыз қалғаны бұған дейін хабарланған болатын. Қала жаңа жылу орталығын іске қоса алмай, ескі қазандықтарға қайта оралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды