Шымкентте 36 азамат кәсіп ашуға алған ақшасын тойға жұмсаған
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкент қаласында 36 азамат мемлекеттің нысаналы мақсатқа берген қаржысын орынсыз жұмсап жіберген.
Олар жаңадан кәсіп ашып, бизнес жүргізудің орнына алған ақшасын отбасылық қуаныш пен өзге де тірлікке жаратқан.
Осындай әрекетке барған 26 азаматпен қазір медиациялық келісім бойынша немесе ай сайын бөліп төлеу арқылы берешегін қайтару ісі жүргізілуде, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал ақшаны қайта бергісі келмеген 10 азаматтың ісі сотқа жолданды. Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңге шамасында ақша берілген.
Мұндай жағдай мегаполисте 2023 жылы тіпті белең алып кеткен болатын.
"Олар 158 миллион теңгеден астам қаржыны нысаналы мақсатқа жұмсамағаны үшін бюджетке қайтаруы керек. Бүгінгі таңда қайтарылғаны 45 миллион теңгені құрайды. Қалған 112 миллион теңге бойынша бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде." Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





