Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.
Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.
Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.
Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Тараз мен Алматыдағы ауқымды арнайы операция аясында ұйымдастырушы мен қылмыстық топ өкілдеріне үкім кесілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 3 шілде 2026
Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны өсіп келеді
-
10:46, 3 шілде 2026
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ЖТС төлеу мерзімі 7 шілдеде аяқталады
-
10:27, 3 шілде 2026
Ақтөбеде ауласында көкнәр өсірген зейнеткер анықталды
-
10:04, 3 шілде 2026
Алтын бағасы тамыз айындағы жеткізілім бойынша жаңа рекордтық деңгейге жетті
-
09:51, 3 шілде 2026
Көршілері шағым түсірген: Астана тұрғыны мерекелік тосынсыйы үшін айыппұл арқалады





