Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны өсіп келеді

11:03, 3 шілде 2026

© Сурет: unsplash

Ұлттық статистика бюросына Қазақстандағы жеңіл электр автомобильдерінің саны туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген.

"12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын". ҚР Ұлттық статистика бюросы

Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі – 15 280 құрайды.

Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді.

Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелді.

Бұған дейін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ЖТС төлеу мерзімі 7 шілдеде аяқталатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!