Көршілері шағым түсірген: Астана тұрғыны мерекелік тосынсыйы үшін айыппұл арқалады
© Сурет: polisia.kz
Әпкесін туған күнімен ерекше құттықтамақ болған елордалық тұрғын жауапқа тартылып, әкімшілік айыппұл алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің мәліметінше, Астанада 27 жастағы жергілікті тұрғын туған әпкесін ерекше құттықтамақ болған. Тосын сыйды әсерлі ету үшін ол көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы автотұрақта отшашу ұйымдастырған. Түнгі уақытта естілген қатты дауыс пен пиротехникалық бұйымдардың қолданылуы тұрғындардың мазасын алып, олар полицияға хабарлаған.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол бірден үш әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауаптылыққа тартылды: тыныштықты бұзғаны, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға айыппұл салынды.
Полиция елді мекендердегі тұрғын үй аулаларында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың тыныштығын бұзумен қатар, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады.
Бұған дейін Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:00, 3 шілде 2026
Индонезияда жас жұп әлеуметтік желідегі «әдепсіз» қылығы үшін дүре жазасына кесілді
-
11:42, 3 шілде 2026
Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады
-
11:25, 3 шілде 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары – 3 шілде
-
11:03, 3 шілде 2026
Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны өсіп келеді
-
10:46, 3 шілде 2026
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ЖТС төлеу мерзімі 7 шілдеде аяқталады





