Шымкентте адам өлтірген топтың бір мүшесі іздестіріліп жатыр
© Фото: zakon.kz
Шымкенттің Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан тұрғыны Тәжибаев Ерлан Абдуллаевичті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті алу үшін таныстарымен алдын ала сөз байласып, Шымкенттегі Темірлан тас жолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру" бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда Ерлан Тәжібаевқа қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды.
"Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса бірден полицияның "102" арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды"Шымкент полициясы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





