Шымкент тұрғынынан 30 келіге жуық қарасора тәркіленді
© Сурет: ҚР ІІМ
Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.
Жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Тыйым салынған өсімдіктердің жалпы салмағы 30 келіге жуық.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар ол бұрын-соңды ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмеу қажеттігі туралы еске салады.
Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:14, 11 қазан 2024
Қазақстандықтар несиені көбірек ала бастады: бұл экономика үшін нені білдіреді
-
12:59, 11 қазан 2024
Шуда есірткінің үлкен партиясы бар екі адам ұсталды
-
12:44, 11 қазан 2024
165 мың адам өз еркімен құмар ойындарынан бас тартқан
-
12:27, 11 қазан 2024
Израильдің шабуылынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты
-
12:10, 11 қазан 2024
АҚШ-та Милтон дауылынан кемі он үш адам қаза тапты