Францияда бір күнде жауынның 1 айлық мөлшері жауды

13:53, 10 қазан 2024

© Фото: pexels

Францияның 34 департаментінде дауылға байланысты қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды.

Ел аумағына атлантикалық "Кирк" дауылы жақындап қалған.

Жел сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соғып, күшті нөсер жауып тұр.

Тіптен кей өңірлерде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Су тасқыны жүріп, сел көшуі ықтимал. Билік тұрғындарға көлік қозғалысы қиындап, электр жарығы өшуі мүмкін екенін ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!