Путинцева Қытайдағы WTA 1000 турнирінде әлемнің екінші ракеткасынан жеңілді

20:50, 10 қазан 2024

© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдағы WTA 1000 турнирінде әлемнің екінші ракеткасынан айласын асыра алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ухань қаласында (Қытай) WTA 1000 (хард төсеніші) санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (35 WTA) үшінші раундтағы кездесуінде әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнады.

Юлия Путинцева ширек финалға жолдама беретін матчта 6:1, 4:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу екі сағат бір минутқа созылды. Путинцевада екі эйс, төрт қос қате жасады және 11 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Соболенко төрт эйс жасады және екі қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Енді Соболенко жартылай финалға шығу үшін Беатрис Хаддад-Мая (Бразилия) - Магдалена Френх (Польша) кездесуінің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!