Ақтөбеде бес адамның өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды

21:19, 10 қазан 2024

© Сурет: видео скрині

Ақтөбеде бүтін бір отбасы қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Бес адамның өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды. 28 жастағы жігіт марқұмдардың ет жақыны екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, соттағы соңғы сөзінде Ілияс Қыдыров жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Оны жәбірленуші деп танылған туыстары да құптады. Бірақ қылмысты әдейі жасамаса да, жол ережесін өрескел бұзғаны бас бостандығынан айыруға себеп болды дейді судья. Үкімді тыңдауға тәртіп сақшылары шақырылды. Себебі, жақындарынан айырылған сотталушы бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Өзге әріптестеріне де сабақ болсын деген ниетпен, сотқа полицейлер де шақырылыпты.

Айта кетейік, қайғылы оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болған. «Фольксваген» көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған. Көлікте жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар оқиға орнында көз жұмды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!