Шымкент тұрғыны телефонды балға салып, колонияға өткізбек болған

12:05, 6 ақпан 2023

© Сурет: ҚР ІІМ

25 жастағы ер адам Шымкенттегі орта қауіпсіздік мекемесіне (жалпы режимдегі колония) жасырын түбі бар бал банкаларын беруге тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін кезекті сәлемдемені тексеру кезінде режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі сәлемдеме әкелген ер адамның өзін өте ұстамды ұстауға тырысқанына аса назар аударды, бірақ бал банкаларын тексеруге жеткенде, ер адам қобалжыған.

Содан кейін пластикалық банка мұқият тексеріліп, банка түбін қолмен ұстау барысында түбі біркелкі емес, кейбір жерлерде жұмсақ екені байқалған.

Жедел уәкілдің пайымдауынша, банкадағы балды пакетке құю туралы шешім қабылданып, нәтижесінде банканың екінші түбі анықталап, онда оралған 3 жаңа ұялы телефон мен сим-карта табылған. Жас жігіт екі осындай екі банка арқылы 6 телефон мен 6 сим-картаны өткізуге тырысқан.


М. есімді азамат сәлемдемені тексеру алдында міндеттемеге қол қойды және тыйым салынған заттарды беруге тырысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертілді. Алайда, бұл оны тоқтатпаған. Тергеу-жедел тобы шақыртылып, материалдар жинақталып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді – деп түсіндірді №54 мекеме бастығы Сапарғали Жұмағұлов.

Енді 25 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға, тыйым салынған заттарға, бұйымдар мен заттарға беру) бойынша 10 АЕК (34500 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкүн. Сондай-ақ, оған бір жыл ішінде пенитенциарлық жүйенің мекемелеріне баруға тыйым салынады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!