Шымкент тұрғыны өз баласына шамамен 8 млн теңге қарыз болып қалған
© Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының прокурорлары ел азаматынан алимент бойынша ірі қарыз - 7 905 638 теңгені өндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талдау нәтижесінде 6 жыл ішінде дәлелді себепсіз 7 905 638 теңге сомасына алимент бойынша берешек төлемеген О. есімді борышкер анықталды. Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
"Аудан прокуратурасымен аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен СДТБТ-ге қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру нәтижесінде сотқа жолдаған. 2025 жылы 6 ақпанда борышкер сот отырысында жәбірленушімен татуласып, алимент бойынша қарыз берешекті, яғни 7 905 638 теңгені толық көлемде өтеуіне байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негізбен тоқтамға алынды".
Прокуратура баладан ұрланған әрбір теңге – оның білім, денсаулық және жарқын болашаққа деген мүмкіндігін ұрлау екенін, алимент – бұл тек заңды міндет емес, сонымен қатар өз балаңның алдындағы жауапкершілік екенін еске салады.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





