Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ тиіп, ауруханаға түсті
© Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бірнеше жерінен оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға қала әкімдігі ғимаратының жанында, сағат 20:30 шамасында болған. Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігінің маңында қарудан оқ атылды. Салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған барлық медициналық көмек көрсетілуде. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында аталған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады". Шымкент қалалық ПД
Оның жамбасы мен иық аймағынан жарақат алғаны туралы дерек бар.
Депутат Руслан Берденов 2025 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





