«Шымбұлақтың» келушілерді қабылдау мүмкіндігі бес есеге артады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жоспарланған. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.
Жоба аясында "Медеу" базалық станциясы арқылы "Шымбұлақ" пен Oi-Qaragai курорттарын біріктіретін бірыңғай тау курорттары жүйесі құрылмақ.
Жоба шеңберінде 30 жаңа аспалы жол салу, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассаларын жасау және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту көзделген.
Жоба толық іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі бес есеге артып, 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін жетеді.
Сонымен қатар Туризм басқармасы 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатқанын хабарлады. Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды. Онда тау инфрақұрылымын дамыту, тау шаңғысы курорттарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жаңа аспалы жолдар салу және туристік маршруттарды дамыту қарастырылған.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шетелдік туристер саны екі есеге жуық өсіп, 986 мыңнан 1,7 миллион адамға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ. туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 101,8 мың адамға дейін артады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:37, 21 шілде 2026
Білім беру гранттары конкурсына қанша талапкер өтініш тапсырды
-
17:21, 21 шілде 2026
Астана тұрғыны әскердегі зорлық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды
-
17:15, 21 шілде 2026
Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасы: ойындарға билетті қалай сатып алуға болады
-
17:11, 21 шілде 2026
Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді
-
16:53, 21 шілде 2026
Көлік полицейлері елге діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті





