Аномальды табиғи құбылыс. Еліміз бойынша 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы
© Сурет: unsplash
Ел тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтіп тұр. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 21 шілдеде, сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсетінін және қатты жел болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронттар түрткі болмақ.
Бүкіл республика бойынша желдің екпін алатыны болжанады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.
Дегенмен аптап ыстықтың беті қайта қоймайды.
Күндіз Атырау және Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күн 35 градусқа дейін қызады.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында да аптап ыстық күтіледі: +35...+38°С,
Жетісу облысында ауа температурасы: +35...+39°С,
Маңғыстау облысының оңтүстік және орталық бөліктерінде күн 38 грудысқа дейін қызады.
Ең жоғары температура Абай мен Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тіркелуі мүмкін: +41°С дейін.
Сонымен қатар, синоптиктер еліміздің бірнеше аймағында бірден жоғары және төтенше өрт қаупі тіркелуі мүмкін екенін ескертеді.
- Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ұлытау, Абай облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік-Қазақстан облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысынң батысында, шығысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар обласының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
- Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдейтінін хабарлаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды





