Астана тұрғыны әскердегі зорлық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды
© Сурет: polisia.kz
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның хабарлауынша, Астана тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды. Ол әлеуметтік желіде әдейі жалған ақпарат таратып, заңсыз жолмен ақша жинамақ болған.
Ол осы жылдың ақпан айында анонимді түрде жариялаған жазбасында әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын ойдан шығарып, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған.
"Жазбаға ақша аударуға арналған банк реквизиттерін де қоса көрсеткен. Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің шағымынан кейін жүргізілген тексеру барысында жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ сотталған азаматтың ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды", - делінген хабарламада.
Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күннің ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.
Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек ақша табу мақсатында жариялағанын мойындады.
"Алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады полиция.
Ведомство азаматтарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 21 шілде 2026
Триатлоннан Түркістандағы Азия кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
20:51, 21 шілде 2026
22 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:32, 21 шілде 2026
Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды
-
20:05, 21 шілде 2026
Мас жұмысшы бастығының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына ұшырады
-
19:54, 21 шілде 2026
Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына қатысты түсінік берді





