Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралары тізіміне енуі мүмкін
© Сурет: Instagram/g_cooper
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-ші сессиясында Қазақстан ұсынған "Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар" номинациясын қарау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады.
Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты.
Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.
Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады.
Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда. Сессия барысында Қазақстан ұсынған "Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар" номинациясын қарау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.
Айта кетсек, Маңғыстауда киелі орындағы тасты шималап, вандализмге жол берген шенеунік қызметінен босатылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:31, 21 шілде 2026
Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады
-
10:28, 21 шілде 2026
FIFA әлем чемпионатының финалынан кейінгі жанжалға байланысты Аргентина құрамасына қатысты тергеу бастады
-
10:14, 21 шілде 2026
Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған турист құтқарушылардың көмегіне жүгінді
-
10:02, 21 шілде 2026
Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды
-
09:52, 21 шілде 2026
Ресми түрде: Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартты





