Шығыс Қазақстан облысының экология департаментінің басшысы қамауға алынды
© Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың Экология департаментінің басшысының заң бұзушылығын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікке ілінген.
"Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, Алматы облысында үш судья жемқорлық бойынша күдікке ілінген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





