«Шыдай алмай, жүлдемен бірге суретке түстім»: Максим Галкин «Алтын доп» марапаттау рәсімінен кадрлар жариялады

16:40, 28 қазан 2026
MKZ: 1574827

© Сурет: Instagram/maxgalkinru

2026 жылғы 27 қазанда Лондондағы "Палладиум" театрында әлемдік әлемдік футболдағы ең беделді жеке марапат – "Алтын допты" табыстаудың 70-салтанатты рәсімі өтті. Күтпеген жерден танымал шоумен Максим Галкин де айтулы шараның құрметті қонақтарының қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon

Өнер иесі бірнеше суретін жариялап, кештен алған әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ Максим Галкин бұл театрды жақсы көретінін айта кетті.

"Бір жарым жыл бұрын осы театрда жеке концертімді өткізген едім. Әрине, кештің басты интригасын бақылау да қызықты болды. Мұнда Роналдо Гарри Кейннің жеңімпаз атанғанын жариялаған сәттің видеосын да бөлістім. Шыдамадым – басты жүлденің жанында суретке түстім", – деп жазды Максим Галкин.

Бұған дейін 2026 жылғы қыркүйекте танымал ерлі-зайыптылар Максим Галкин мен Алла Пугачёва Түркияның ең ірі қаласы Ыстанбұлға шаруаларымен барған болатын. Жүргізуші сапар барысындағы сәттердің бірін Instagram парақшасында бөлісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!