Шуда қарасора өсетін аумақтарда есірткі затын жинаған төрт адам сотталды
© Сурет: polisia.kz
Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жабайы қарасора өсетін аумақтарда есірткі затын жинаған төрт адамнан тұратын топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тінту жүргізу кезінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 53 келіден астам марихуана тәркіленді.
Бұл есірткі заты Жамбыл облысының аумағынан тыс жерлерге тасымалданбақ болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында ұсталған адамдардың есірткі құралын кейіннен қара нарықта сату мақсатында жинаумен айналысқаны анықталды. Осылайша, көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Шу қалалық сотының шешімімен қылмыстық іс бойынша барлық қатысушы кінәлі деп танылып, 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 9 қаңтар 2026
Алматы – Бішкек тас жолындағы қайғылы жол апаты: Үндістаннан келген тағы бір студент көз жұмды
-
14:45, 9 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер ірі көлемде қарызы бар тұрғынды анықтады
-
14:37, 9 қаңтар 2026
Алматының сыртқы жарнамасы Оңтүстік-Шығыс Азия қалаларында пайда болды
-
14:23, 9 қаңтар 2026
Сот қазақстандық азаматтың алимент мәселесінде қолдау көрсетті
-
14:13, 9 қаңтар 2026
Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен 34 адамның мекенжайы анықталды





