«Шрек» мультфильміндегі есектің прототипі өліп қалды

13:27, 5 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/bpdonkeys, кадр из мультфильма "Шрек 3"

Калифорнияда (АҚШ) әлемге әйгілі "Шрек" мультфильмінің кейіпкерінің прототипі болған есек өлді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Palo alto дерегінше, Перри есімді есек 1997 жылдан бері Barron Park Donkey саябағында мекен етті. 2025 жылдың 2 қаңтарында оны 30 жасында эвтанизациялауға тура келді.

Перри тұяқ ауруына шалдыққан. Аурудың асқынғаны сонша, соңғы айда артқы аяқтарының бірі істен шығып, ол тек үш аяқпен өмір сүруге мәжбүр болған.

Саябақ қызметкерлері ауырсынуды жеңілдету үшін көптеген әдістерді қолданып көрді, соның ішінде акупунктура, лазерлік жарық терапиясы, жылы массаж. Бірақ 2025 жылдың басында оның жағдайы жақсармайтыны белгілі болды.

Саябақ қызметкерлері Перридің өлімі бейбіт түрде болғанын атап өтті. Эвтанизацияланғаннан кейін, ол бірнеше сағат бойы жайылымда болды, осылайша өзге жануарлар оның өлгенін түсінді.

Эвтаназизация – азапты жеңілдету үшін қасақана ауыртпалықсыз өлімге әкелу әрекеті.

 

Ол "Шрек" фильміндегі есек кейіпкеріне үлгі болғандығы туралы БАҚ 2024 жылдың жазында жаза бастады. "Шрек" редакторлары "есекті" жобалай бастағанда, кейіпкерді мүмкіндігінше шынайы ету үшін нақты жануардың қимылдарын зерттеу керек екендігін түсінді. Осы кезде Barron Park Donkey саябағы маңынан жиі өтетін және ондағы есектерді үнемі көретін аниматорлардың бірінің әйелі күйеуіне Перри туралы айтты.

Осылайша 10-15 аниматордан тұратын топ саябаққа барып, сол кезде шамамен 5 жаста болған Перриді зерттеп оның қимылдарын "Есек" кейіпкеріне енгізді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!