ШҚО-да жолаушылар мінген автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
© Сурет: видео скрині
2025 жылғы 5 желтоқсанда Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары республикалық маңызы бар тасжолында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жолдағы қозғалысты бақылауға алып, азаматтарға қосымша қауіп төнбеуін қадағалады.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция құқық бұзған азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, барынша абай болуға үндеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:03, 23 қараша 2026
«Медеу» қайта жаңғыртылып жатыр: мұз айдыны қалай өзгереді және жөндеу жұмыстары қашан аяқталады
-
13:58, 23 қараша 2026
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында кім қандай қолдау ала алады
-
13:43, 23 қараша 2026
Стилист Жаңа жылға арналған сәнді киім үлгілерін атады
-
13:31, 23 қараша 2026
Алматы метросындағы қайғылы оқиға – көпбалалы ана қалай сотталушы атанғанын айтты
-
13:26, 23 қараша 2026
Конституциялық Сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тәртібін түсіндірді





