ШҚО-да жол апатынан қаршадай бала көз жұмды: айыпталушы бір жылға бас бостандығынан айырылды
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 жасар баланың қаза болуына байланысты іске сот үкімі шықты. Бұл туралы 2026 жылғы 29 наурызда өңірлік ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, Күршім аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жолаушының өліміне кінәлі деп танылған жол-құрылыс ұйымдарының бірінің 53 жастағы бас инженеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жол үстіндегі үйілген топырақтардың көлік қозғалысына қауіп төндіргені белгілі болды. Алайда, ол "Жол жүрісі туралы" ҚР Заңының талаптарына қарамастан, ескерту жол белгілерінің орнатылуын қамтамасыз етпеген.
"Осы салғырттықтың салдарынан 2025 жылғы 31 қазанда "Күршім–Қалжыр–Ақсуат" тасжолының 37-шақырымында ауданның 37 жастағы тұрғыны жол үстіндегі үйілген топыраққа соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның 2019 жылы туған кішкентай ұлы оқиға орнында көз жұмған, ал 2017 жылы туған қызы түрлі жарақаттар алған,- делінген ақпаратта.
Сот инженерді "Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу" бабының үшінші бөлігі – абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бойынша кінәлі деп таныды. Оған бас бостандығынан айыру және бір жыл мерзімге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұған дейін ІІМ алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ерлі-зайыптыларды ұстағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:14, 30 наурыз 2026
Қазақстанда адал емес су пайдаланушылардың дерекқоры жасақталуда
-
14:07, 30 наурыз 2026
Таразда бұрынғы нан зауытының басшысының денесі табылды: тергеу басталды
-
13:56, 30 наурыз 2026
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыру және көше жол желісінің сапасын жақсарту жұмыстары күшейтіледі
-
13:49, 30 наурыз 2026
Екінші мәрте ана атанған Альмира Тұрсын бүгінгі жай-күйі жайлы ішкі сырын ашты
-
13:35, 30 наурыз 2026
Шіркеуде Никол Пашинянға шабуыл жасамақ болғандардың әрекеті видеоға түсіп қалды





